2025 жылдың 20 қазан күні Uniserv Medical Center-ге Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласындағы «Святая Мария» халықаралық клиникасының делегациясы келді. Делегацияны клиниканың президенті әрі бас директоры Ко Дон Хён мырза бастап келді.
Кездесу барысында тараптар денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың келешегін және бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін талқылады. Әсіресе медициналық тәжірибе алмасу, заманауи технологияларды енгізу және медициналық қызмет сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Uniserv Medical Center халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ашық және пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған серіктестік қатынастарды нығайта бермек.
