Қазақстан бойынша тек Uniserv Medical Center-де жатыр миомасын емдеудің заманауи әдісі – радиожиілікті абляция (РЖА) қолданылады.  Осы бірегей технологияның арқасында медициналық орталыққа Қазақстанның басқа облыстарынан да,  шетелден де пациенттер келіп емделеді.

Кезекті пациент - қазіргі таңда Канадада тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы. Ақтөбе қаласының тумасы Құндыз Бекмұханбет Орал қаласына м.ғ.к., гинеколог, эндохирург дәрігер, гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Ерлан Тілегенұлы Мұқановтан ем алу үшін арнайы келді. Бүгінгі күні дәрігер радиожиілікті абляция әдісімен 38 операцияны сәтті орындап, аталған технологияны қолдануда жоғары кәсіби тәжірибеге ие екенін дәлелдеп отыр.

«Радиожиілікті абляция - жатыр миомасын емдеудің дәстүрлі хирургиялық әдістеріне заманауи балама. Бұл әдістің жарақаттау көлемі кішкентай, науқастың тез қалпына келуіне мүмкіндік береді және ең бастысы - жатырды сақтап қалуға жол ашады. Көптеген әйелдер үшін бұл ағзаны алып тастамай-ақ мәселені шешудің тиімді мүмкіндігі», - дейді м.ғ.к., гинеколог, эндохирург дәрігер Ерлан Мұқанов.

Ота сәтті өтті. Операциядан небәрі үш күннен кейін пациент үйіне шығарылды. Үш баланың анасы болашақта жүктілікті жоспарлау мүмкіндігіне ие болды. 

Канададан арнайы радиожиілікті абляция жасау үшін келген пациенттің оқиғасы Uniserv Medical Center мамандарына деген жоғары сенімнің айқын дәлелі. Бұл бірегей технология әйелдердің денсаулығын, өмір сүру сапасын және репродуктивті қызметін сақтауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, аз инвазивті хирургия бағытын дамыта отырып, Uniserv Medical Center алдағы уақытта жаңа қызмет түрін – қалқанша без түйіндерін радиожиілікті абляция (РЖА) әдісімен емдеуді іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл әдіс дәстүрлі хирургиялық емге тиімді балама болып, пациенттердің қалқанша безін сақтауға, оңалту мерзімін қысқартуға және қалыпты өміріне тезірек оралуына мүмкіндік бермек.