«Uniserv Medical Center»-де заманауи реконструктивті гинекология орталығы өз жұмысын бастады. Орталықтың құрамына консультативтік-диагностикалық емхана, 15 орындық тәулік бойғы стационар, операциялық блок және реанимация бөлімі кіреді. Бұл бөлімдер пациенттердің қауіпсіздігі мен медициналық көмек сапасының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз етеді.

Орталықта көп жылдық тәжірибесі бар жоғары білікті мамандар — акушер-гинеколог, онкогинеколог, урогинеколог және эндохирург қызмет атқарады. Олар хирургиялық және консервативтік емнің кең ауқымын жүргізеді.

«Биыл Uniserv Medical Center-дің дамуына екі маңызды қадам жасалды. Бірі –пластикалық хирургия бөлімшесінің ашылуы болса, екіншісі – бүгінгі реконструктивті гинекология бөлімшесінің іске қосылуы. Орталық швейцариялық медициналық жабдықтармен және халықаралық талаптарға сай жоғары сапалы еуропалық құралдармен қамтамасыз етілді. Біздің басты мақсатымыз — емделушілердің басқа қалаларға бармай немесе шетел аспай, біздің қаламызда сапалы медициналық көмек алуына мүмкіндік жасау», — деді «Uniserv Medical Center» ЖШС бас директорының міндетін атқарушы Алтынай Салыкова.

Клиника инновациялық технологияларды енгізуге ерекше көңіл бөледі. Бүгінде Uniserv Medical Center — Қазақстанда жатыр миомасы мен эндометриозды емдеуде радиожиілік аблация әдісін қолданатын жалғыз клиника. Бұл — репродуктивті қызметті сақтауға және оңалту кезеңін едәуір қысқартуға мүмкіндік беретін, аз инвазивті әрі тиімді емдеу тәсілі.

Гинекология бөлімшесінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, дәрігер-гинеколог Мұқанов Ерлан Тілегенұлы:

«Біз пациенттерімізге гинекология және урогинекология саласындағы ең озық технологияларды ұсынамыз. Реконструктивті гинекология орталығы келесі медициналық қызметтердің кең түрін көрсетеді:


* гинекологиядағы пластикалық хирургия;

* жамбас түбінің реконструктивті хирургиясы;

* қалпына келтіру операциялары;

* урогинекология;

* ағзаны сақтап қалу әдістері;

* внутрипросветтық хирургия;

* бедеулік жағдайында жасалатын операциялар және басқа да бағыттар».

 Жаңа жабдық дәрігерлерге операцияларды жоғары дәлдікпен және минималды қауіппен жүргізуге мүмкіндік береді, ал пациенттер үшін оңалтудың жайлы және тиімді кезеңін қамтамасыз етеді.

Консультацияға жазылу үшін:

☎ 8-771-880-20-20

☎ 8-771-880-02-02

Мекенжай: Орал қ., Шолохов көшесі, 36