Тимур Рапхатұлы М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетін «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Бөкейордасы орталық аудандық ауруханасында хирург дәрігер ретінде бастаған. Кейін Зеленов (қазіргі Бәйтерек) аудандық ауруханасында жұмыс істеп, емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары, сондай-ақ облыстық онкологиялық диспансерде медициналық қызмет сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары қызметтерін атқарған.
№5 қалалық емхананы басқарған.
Облыстық инфекциялық аурухананы басқарған.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резервінің мүшесі.
Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталған.
Uniserv Medical Center командасына қош келдіңіз! Әр бастамаңыз сәтті болып, алға қойған мақсаттарыңызға жете беріңіз.
