Денсаулық бақылауда: Uniserv Medical Center. Үйде талдау жасату.
"Uniserv Medical Center" қызметтері одан да қолжетімді болды. Егер біздің клиникаға келуге уақыт болмаса, үйден шықпай-ақ денсаулығыңыздың жай-күйін бақылауды және тест тапсыруды ұсынамыз!
Өтінімді қалдырыңыз және көшпелі медициналық қызмет мамандары зертханалық зерттеулер жүргізу үшін Сізге ыңғайлы уақытта келеді.
Дайын нәтижелерді өзіңізге ыңғайлы түрде ала аласыз (электрондық поштаға, мессенджерлер арқылы және т.б.).
Сіз және Сіздің отбасыңыз үшін медицинадағы ең жақсы нәрсе!
Жаңа қызмет: буынішілік блокадалар және пункциялар
15 қарашадан бастап травматолог-дәрігер Ержанов Айдын Асқарұлының барлық пациенттері үшін буынішілік блокадалар мен пункциялар бойынша қызметтер алу мүмкіндігі пайда болды.
Блокада (инъекция) — бұл емдік-диагностикалық медициналық процедура, оның барысында дәрігер буын пункциясын жасайды, содан кейін сұйықтықты алады немесе ауырсынуды басу және қабынуды жою үшін қуысқа дәрілік зат енгізеді.
Пункция — бұл диагностикалық немесе емдеу процедураларын жүргізу үшін буынды белгілі бір нүктеде қажетті мөлшерде инемен тесу: тіндер мен сұйықтықтарды алу, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді енгізу.
Артықшылықтары: араласу аймағын және тіндердің зақымдану дәрежесін азайту, жылдам терапиялық әсер. Буын қуысына әртūrлі препараттарды енгізуге болады: антисептиктер, антибиотиктер және қабынуға қарсы препараттар, бұл тез нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қабылдауға жазылу үшін "Жазылу" түймесін басыңыз.
