Біздің медициналық орталыққа Қазақстандық офтальмологтар қоғамы филиалының төрағасы, жоғары санатты офтальмохирург, м.ғ.к. Урих Константин Александрович, ҚР Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының жоғары санатты офтальмолог дәрігері Кульбака Сергей Александрович және Жамбыл офтальмологиялық орталығының бас директоры Абдыкулов Қайрат Сатбайұлы келді.
Қонақтардың біздің облысқа сапарының мақсаты - заманауи офтальмологияны дамытуда жаңа технологияларды енгізу және ілгерілету үшін барлық офтальмологтарды бірыңғай қауымдастыққа біріктіру.
Сапар соңында қонақтар біздің "Uniserv Medical Center" медициналық орталығы туралы өз әсерлерімен бөлісті. Осындай жоғары бағалағандары үшін рахмет айтамыз!