Құмаева Анар Талғатқызы 2015 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетін "Жалпы медицина" мамандығы бойынша бітірген. Сол жылы "Терапия" мамандығы бойынша, ал 2017 жылы "Гастроэнтерология" бағыты бойынша қайта даярлаудан өтті. 2020 жылы "Санат" республикалық кәсіби даму орталығында "Гастроэнтерология (ересектер, балалар): гастроэнтерологиядағы Инновациялық технологиялар" курсын меңгерген. Өзінің кәсіби дағдыларын үнемі жетілдіріп отырады, пациенттерге мұқият және мейірімді.