ЕМХАНАНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ ФРОЛОВА ЯНА ИГОРЕВНА
Еңбек өтілі - 7 жыл Емхана бөлімшесі
Яна Игоревна Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетін «Жалпы медицина» мамандығы бойынша тәмамдаған.
М. Оспанов атындағы БҚМУ КеАҚ-да жалпы практика дәрігері болып қызмет атқарды. Кейін №4 қалалық емханада жалпы практика дәрігері ретінде пациенттерді қабылдап, Отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі қызметін атқарды.
Uniserv Medical Center-де еңбек жолын жалпы практика дәрігері ретінде бастап, кейін Отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі болды.
Қазіргі таңда Яна Игоревна МӘМС бойынша қызмет көрсететін емхананың бас дәрігері қызметіне тағайындалды.
Ол үшін пациенттерді емдеу ғана емес, әрбір адамның сапалы медициналық көмекті дер кезінде алуына мүмкіндік беретін жүйе қалыптастыру да маңызды.
